Urpagy.kz — шежіренің цифрлық мұрағаты

Қазақтың ру шежіресін интерактивті форматта сақтауға, зерттеуге және болашақ ұрпаққа жеткізуге арналған платформа.

Жоба не үшін жасалды?

Қазақ халқының ру-тайпалық шежіресі — мыңдаған жыл бойы ауызша сақталған бірегей мұра. Бірақ бүгінде бұл білім тасымалдаушылармен бірге жоғалып кетуде. Urpagy.kz — осы мәселені шешуге арналған цифрлық платформа.

Әр ру өзінің шежіресін жеке субдомен арқылы алады: seit.urpagy.kz, naiman.urpagy.kz т.б. Интерактивті ағаш форматында барлық ата-тегінді бір жерде көруге болады.

Шежіре қалай қосылады?

  1. Өтінім формасын толтырыңыз — ру аты, байланыс, шежіре файлы
  2. Редакторлар 3 жұмыс күні ішінде хабарласады
  3. Шежіредегі адам саны есептеліп, баға айтылады
  4. Төлем жасасаңыз, шежіре сайтқа жарияланады
  5. Сізге сілтеме мен QR код жіберіледі

Баға қалай есептеледі?

Баға шежіредегі адам санына байланысты: 1 адам = 100 теңге. Нақты баға тек шежіре файлы тексерілгеннен кейін айтылады, өйткені алдын ала адам санын білу мүмкін емес.

Мысал: шежіреде 200 адам болса — 20 000 ₸, 500 адам болса — 50 000 ₸.

Бұл баға шежірені цифрлауға, жүйеге енгізуге, сайтта жариялауға және мәңгілік сақтауға жұмсалады.

Шежіре форматы қандай болуы керек?

Кез-келген форматта жіберуге болады: Excel кестесі, Word немесе PDF. Редактор өңдеп, интерактивті форматқа ауыстырады. Егер электрондық нұсқа жоқ болса — қолжазба сканерін де қабылдаймыз.

Кейін шежіреге өзгеріс енгізуге болады ма?

Иә. Жаңа адам қосу немесе қателікті түзету үшін бізбен хабарласыңыз. Шағын өзгерістер тегін, үлкен қосымшалар үшін қосымша ақы алынуы мүмкін.

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңба міндетті емес. Жоқ болса, жалпы логотип қойылады. Кейін тапсаңыз, қосуға болады.
info@urpagy.kz поштасына немесе Telegram арқылы хабарлаңыз. Қателерді тегін түзетеміз.
Мысалы naiman.urpagy.kz ішінде барлық тармақтар болады. Немесе жеке субдомен ашуға болады — бұл жеке келісіммен шешіледі.
Иә. Барлық деректер қазақстандық серверде сақталады. Жеке байланыс деректері (телефон) жарияланбайды.
Жоқ. Шежіре жариялангеннен кейін мәңгілік сақталады. Тек иесінің жазбаша өтінімі бойынша жойылуы мүмкін.